Ауыл мектептерінің 10–11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы
2025 жылғы 9–13 желтоқсан аралығында Астана қаласында ауыл мектептерінің 10–11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті.
Аталған білім бәйгесіне облысымыздан қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 25 оқушы қатысып, жоғары дайындық деңгейін, терең білімдері мен зияткерлік қабілеттерін айқын көрсетті.
Жүлделі орын иегерлері:
🔹 Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні:
I орын – Сейтжағыпар Анар, Жарма ауданы, «Бақыршық орта мектебі» КММ, 10-сынып
🔹 Қазақ тілі мен әдебиеті пәні:
II орын – Тұрарбек Алиназ, Ақсуат ауданы, «Сасан би атындағы орта мектебі» КММ, 10-сынып
🔹 Қазақстан тарихы пәні:
II орын – Ильяс Айдана, Аягөз ауданы, «Е. Рахмадиев атындағы ЖОББМ» КММ, 10-сынып
🔹 Орыс тілі мен әдебиеті пәні:
II орын – Степаненко Ариана, Бородулиха ауданы, «В. Комаров атындағы орта мектебі» КММ, 10-сынып
II орын – Никитина Мария, Бородулиха ауданы, «Жезкент орта мектебі» КММ, 11-сынып
🔹 Ағылшын тілі пәні:
III орын – Мағзумбек Арнұр, Жарма ауданы, «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ, 10-сынып
III орын – Раисова Шолпан, Жаңасемей ауданы, «Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, 10-сынып
🔹 Қазақ тілі мен әдебиеті пәні:
III орын – Дюсембаева Айдана, Бородулиха ауданы, «Ә. Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебі» КММ, 11-сынып
III орын – Биляш Айзере, Аягөз ауданы, «Е. Рахмадиев атындағы ЖОББМ» КММ, 10-сынып
🔹 Қазақстан тарихы пәні:
III орын – Долдашева Айғаным, Үржар ауданы, «Қ. Төлеубеков атындағы орта мектебі» КММ, 10-сынып
III орын – Оралбекқызы Асылжан, Ақсуат ауданы, «Сасан би атындағы орта мектебі» КММ, 11-сынып
🔹 Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні:
III орын – Қаби Әділ, Бородулиха ауданы, «Жезкент орта мектебі» КММ, 11-сынып
🔹 Құқық негіздері пәні:
III орын – Жампиисова Алина, Бородулиха ауданы, «Жезкент кентінің мектеп-лицейі» КММ, 10-сынып
III орын – Нурмухаметова Диляра, Үржар ауданы, «Қабдығали Игенбайұлы атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ, 11-сынып
Грамота иегері:
🔹 Ағылшын тілі пәні – Жұманбаев Айдар, Үржар ауданы, «Б. Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ, 11-сынып
🎉 Дарынды оқушыларымызды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушыларды білім додасына дайындаған ұстаздарға алғысымызды білдіреміз.