«Жас жеткіншектерді отаншылдық рухта тәрбиелеу» тақырыбында қашықтықтан облыстық семинар-практикум өтті
2025 жылғы 12 желтоқсанында Абай облысы Үржар ауданының білім бөліміне қарасты «Б. Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ-де Абай облысының білім басқармасы ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК мен Үржар ауданының білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес «Жас жеткіншектерді отаншылдық рухта тәрбиелеу» тақырыбында қашықтықтан облыстық семинар –практикум өтті.
🔹Онда мектеп оқушыларының патриоттық сезімін арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, Отанға қызмет етуге деген құрметті қалыптастыру, олардың азаматтық жауапкершілігі мен Отан алдындағы борышын сезінуін нығайту, сондай-ақ тәжірибе алмасу мақсатында өзекті мәселелері талқыланды.
Семинар-практикум барысында келесі бағыттар бойынша дәрістер оқылды:
✓ «Жастарды өз Отанының адал патриоты болуға тәрбиелеу»;
✓ «АӘжТД пәнінің патриоттық тәрбие берудегі рөлі»;
✓ «Патриоттық тәрбиенің маңызы».
Іс-шараға әр ауданның білім бөлімдерінің әскери-патриоттық бағытқа жауапты әдіскерлері, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімдері, сондай-ақ «Жас сарбаз» сыныптарының офицер-тәрбиешілерінен 75 адам қатысты.